АӘК санатындағы азаматтар тізімі
Халықтың әлеуметтік осал топтарына (АӘК) жататын азаматтар санаттарының толық тізбесі ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68-бабында айқындалған:
- 1
Ұлы Отан соғысының ардагерлері
Әскери қызметшілер, партизандар мен астыртын күрескерлер, сондай-ақ ҰОС жылдарында жараланудың салдарынан мүгедек болған адамдар (ҚР «Ардагерлер туралы» Заңының 4-бабы).
- 2
ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер
Соның ішінде әскери бөлімдердің бұрынғы тәрбиеленушілері, концлагерлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, қоршаудағы Ленинград тұрғындары, Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюшылар (ҚР «Ардагерлер туралы» Заңының 6-бабы).
- 3
Басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері
Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына, бітімгершілік операцияларына (Ирак, Таулы Қарабах) қатысушылар, тәжік-ауған шекарасын күзетуді қамтамасыз еткен әскери қызметшілер (ҚР «Ардагерлер туралы» Заңының 5-бабы).
- 4
I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар
Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген азаматтар.
- 5
Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар
Мүгедектігі бар бала (балалар) тәрбиеленіп отырған отбасылар.
- 6
Ауыр созылмалы аурулары бар азаматтар
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен аурулар тізбесіне сәйкес.
- 7
Зейнеткерлер
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алатын адамдар.
- 8
Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
Мәртебесін 29 жасқа толғанға дейін сақтайды (мерзімді әскери қызметтен өту кезіндегі ұзартуды ескере отырып).
- 9
Қандастар
ҚР азаматтығы болмаған және тарихи отанына оралған этникалық қазақтар.
- 10
Тұрғын үйінен айырылған адамдар
Экологиялық апаттардың, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан.
- 11
Көп балалы аналар және көп балалы отбасылар
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, «Материнская слава» I және II дәрежелі ордендерімен наградталған көп балалы аналар, сондай-ақ көп балалы отбасылар.
- 12
Қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары
Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары.
- 13
Толық емес отбасылар
Балаларды ата-ананың біреуі тәрбиелеп отырған отбасылар.
Егер сіз аталған санаттардың біріне жатсаңыз және қиын қаржылық жағдайға тап болсаңыз, жеңілдікті шарттармен берешекті қайта құрылымдауға өтініш беруге құқылысыз. Толығырақ — «Мерзімі өткен берешекті реттеу».