Мерзімі өткен берешекті реттеу
Құрметті клиенттер!
ҚР «Шағын-қаржы қызметі туралы» Заңының 9-2-бабының талабына сәйкес берешекті реттеудің шарттары мен тәртібі және төлем қабілеті жоқ қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар айқындалған. Осыған байланысты «МФО «1КРЕДИТ» ЖШС (бұдан әрі — ШҚҰ) сізге микронесие беру туралы шартты несиелеу шарттары бөлігінде өзгерту арқылы мерзімі өткен берешекті реттеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Мерзімі өткен берешекке шыққан Қарыз алушыларға арналған ақпарат
Егер қарыз алушы жеке тұлға болса, ол микронесие беру туралы шарт (бұдан әрі — Шарт) бойынша міндеттемені орындау мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шағын-қаржы ұйымына баруға және (немесе) жазбаша түрде, сондай-ақ «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сәйкестендіру құралдарын қолдану арқылы қарыз алушыны сәйкестендіруге шағын-қаржы ұйымына мүмкіндік беретін ақпараттандыру объектілері арқылы не Шартта көзделген тәсілмен, Шарт бойынша міндеттемені орындау мерзімінің өту себептері, табыстары және оның Шарт шарттарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін негіздейтін басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын өтінішті Қазақстан Республикасының «Шағын-қаржы қызметі туралы» Заңының 9-2-бабының 2-тармағына сәйкес ұсынуға (бұдан әрі — Заң) құқылы.
Бұл ретте шағын-қаржы ұйымы Заңның 9-2-бабының 2-тармағында көзделген қарыз алушы — жеке тұлғаның өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде қарыз алушы — жеке тұлға ұсынған Шарт шарттарына өзгерістерді қарайды және жазбаша түрде, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы не Шартта көзделген тәсілмен қарыз алушы — жеке тұлғаға мыналар туралы хабарлайды:
- 1) Шарт шарттарына ұсынылған өзгерістермен келісу туралы;
- 2) Шарт шарттарын өзгерту бойынша қарсы ұсыныстар туралы;
- 3) Шарт шарттарын өзгертуден бас тарту туралы, мұндай бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып.
Қарыз алушы — жеке тұлға шағын-қаржы ұйымының Шарт шарттарын өзгертуден бас тарту туралы шешімін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде немесе Шарт шарттарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген кезде күнтізбелік отыз күн ішінде шағын-қаржы ұйымын бір мезгілде хабардар ете отырып, шағын-қаржы омбудсменіне жүгінуге құқылы.
Қарыз алушы шағын-қаржы ұйымының Шарт бойынша төлемдерді, оның ішінде мерзімі өткен берешекті енгізу қажеттігі туралы талабын қанағаттандырмаған, сондай-ақ қарыз алушы — жеке тұлға Заңның 9-2-бабының 2-тармағында көзделген құқықтарды іске асырмаған не қарыз алушы — жеке тұлға мен шағын-қаржы ұйымы арасында Шарт шарттарын өзгерту бойынша келісім болмаған жағдайларда, Заңның 9-2-бабының 5-тармағына сәйкес шағын-қаржы ұйымы қарыз алушыға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) Шартта көзделген шараларды қолдануға құқылы, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу мен реттеуге коллекторлық агенттікке беруге (шағын-қаржы ұйымының Шартта мұндай құқығы болған жағдайда), Шарт бойынша құқықты (талапты) Заңның 9-1-бабында көрсетілген тұлғаға беруге, Шарт бойынша қарыз сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды соттан тыс тәртіппен не сот тәртібімен қолдануға құқылы.
Шағын-қаржы ұйымы Заңның 9-2-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасында және (немесе) 2) тармақшасында көзделген микронесие беру туралы шарт шарттарына өзгерістер енгізу туралы өтінішті мынадай қарыз алушы — жеке тұлға берген кезде микронесие беру туралы шарт шарттарына ұсынылған өзгерістермен кемінде үш ай мерзімге келісу туралы шешім қабылдайды:
- 1) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын;
- 2) төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен.
Заңның 9-2-бабының 3-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген қарыз алушы — жеке тұлғамен жасалған микронесие беру туралы шарт шарттарына ұсынылған өзгерістермен келісу туралы шешім қарыз алушының өтінішпен жүгінген айының алдындағы екі ай үшін есептелген орташа айлық табысы қарыз алушының өтінішпен жүгінген айының алдындағы он екі ай үшін есептелген орташа айлық табысымен салыстырғанда отыз пайыздан астам төмендеген немесе атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған жағдайда қабылданады.